Жаңалықтар

Бүгін мектепалды топтары арасында «Ақ сұңқар», «Бүркіт», «Шағала» топтарының қатысуымен ұлттық ойындарға толы ерекше сайыс өтті.

Балалар «бескеней», «бес асық», «шертпек», «асық ату» ойындарын ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетсе, «Қара жорға» биі арқылы ұлттық рухты сезіндірді.

Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, дәлдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу.

Әр топ ерекше белсенділік танытып, ойын барысында достық пен бірліктің үлгісін көрсетті.

“Шағала” мектепалды топ

Мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Мықтыбаева А.Д.

“Балапан” ересек тобы

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата - бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт - дәстүрді, мұраларды танып - білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. 

Тәрбиешілер: Акниязова Л. Ж. Мундыбекова Г. А.

"Бұлбұл" тобы

Мақсаты: Балаларға мереке арқылы Наурыз туралы түсүнік беру. Тақпақтар, әндер арқылы балалардың тіл тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші: Рахметова С.К.

Музыка жетекшісі: Осипова А.Ж.