Мақсаты: Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту арқылы туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық өнер мен салт-дәстүрге қызығушылығын қалыптастыру.
Білімділік: балаларға Республика күні туралы түсінік беру, мемлекеттік рәміздерді таныту, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын дыбысы арқылы ажыратуға үйрету, әнді таза әрі мәнерлі орындау дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: музыкалық есту қабілетін, ырғақ сезімін, тыныс алу мен дауыс аппаратын дұрыс қолдануын, қимыл үйлесімділігін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Өткізген: музыка жетекшісі Осипова Асыл Жаныбековна

