Жаңалықтар

«Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазағымның дәстүрлері -ай»қалалық сайысы өтті.Сайыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрыптарын заманға сай жаңғырту,жастар арасында насихаттау;

-Отбасы институтының мәртебесін көтеру,іргесін нығайту;

-Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жастар арасында дәріптеу;

-Жас отбасылардың қоғамдық белсінділігін арттыру.

Сайысқа N49 «Алтынай “балабақшасының атынан Саухановтар отбасы мүшелері қатысып жүлделі III орынға ие болды.

Қоржынымыз жағымды жаңалық пен жүлделі орындарға тола берсін!

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Елорданың еркетайы” қалалық өнер байқауының “Вокалдық топ” номинациясы бойынша lll дәрежелі дипломмен “Алтынай” балабақшасы марапатталды. Жүлде құтты болсын!

"Алтынай" балабақшасында ата-аналардың қатысуымен “Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераждық комиссиясын ұйымдастырып, тексеріс жүргізілді.

Күн тәртібінде:

1. Балалардың тамақтануын ұйымдастыру;

2. Тамақтану сапасы.

3. Тамақты С дәрумендеу.

4. Тез бұзылатын өнімдерді сақтау және уақытылы пайдалану.

5. ⁠Азық-түліктің жарамдылық мерзімдерін бақылау.

Бүлдіршіндеріміздін, ата-аналары балабакшамыздың бір күндік өміріне куә болып, ас мезірімен, тамақтың сақталу ережелерімен танысып, дәмін көріп,өз көздерімен көріп қайтты.