Жаңалықтар

Тақырыбы: «Тәрбие – тал бесіктен басталады»

Мақсаты: Ұлттық біртұтас тәрбиені балалардың бойына ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып сіңіру. Патриоттық сезімдерін ояту, ана тілін, Отанын сүюге, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Балабақшаның жылдық жоспарға сай семинар ұйымдастырылды.Біртұтас тәрбиеге байланысты педогогтер топтық жұмыстар жасап,ұлттық ойындарды насихаттады.

Мақсаты: Жан-жақты жетілген, білімді де тәрбиелі, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген, ана тілін және Отанын құрметтей білетін толыққанды азамат тәрбиелеу.

Мектеппен сабақтастық жобасы аясында біздің балабақшада интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Ойынға қатысқан әрбір бала өз өнерімен тәнті етті. Балабақша атынан сыйлық беріліп, марапатталды.

«Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазағымның дәстүрлері -ай»қалалық сайысы өтті.Сайыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрыптарын заманға сай жаңғырту,жастар арасында насихаттау;

-Отбасы институтының мәртебесін көтеру,іргесін нығайту;

-Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жастар арасында дәріптеу;

-Жас отбасылардың қоғамдық белсінділігін арттыру.

Сайысқа N49 «Алтынай “балабақшасының атынан Саухановтар отбасы мүшелері қатысып жүлделі III орынға ие болды.

Қоржынымыз жағымды жаңалық пен жүлделі орындарға тола берсін!

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Елорданың еркетайы” қалалық өнер байқауының “Вокалдық топ” номинациясы бойынша lll дәрежелі дипломмен “Алтынай” балабақшасы марапатталды. Жүлде құтты болсын!