Жаңалықтар

Тақырыбы: «Өнерліміз-өркенбіз»

Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы азаматты, ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

№49 “Алтынай“ балбақшасының ересек топтары арасында, ”Абай аманаты” эксперименттік алаң жұмысының жоспарына сай “Ақырын жүріп анық бас” атты іс-шарасы арқылы мектеппен, отбасымен және басқа да ұйымдармен серіктестік қарым қатынасты нығайту негізінде, Астана қаласының № 4 балалар кітапханасымен бірлескен түрде ауқымды байқау өткізді.

19.02.2025 жыл “Ертегілер еліне саяхат” атты қалалық байқауға №49 ”Алтынай” балабақшасының “Ақ көгершін” мектепалды тобының тәрбиеленушілері қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

”Ертегілер еліне саяхат”қалалық байқауының мақсаты: Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық, көркемдікке, құндылыққа негізделген тәрбиеге баулудың факторы ретінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін, дамытуда балабақша қызметінің сапасын арттыру. Педогогтердің тың идеялар мен инновациялық әдістерді қолдану аясын кеңету, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау. Жеңіс туы желбірей берсін!