Балабақшамызда 1 қазан Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарты бар үйдің - қазынасы бар» тақырыбында әжелер арасында байқау өтті.
Мақсаты: балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-әжесін құрметтеу, салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Байқауымыз халық әні «Дедім-ау,ау»әнімен басталып, салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауаптар қойылды. Әжелер түрлі материалдардан ою ойып, жіп иіріп, құрақ құрап қол өнерлерін паш етті. Сайысқа қатысқан әжелер жүлделі орындарға ие болып, балабақша атынан сыйлықтар алды.
“Жалпы қалалық сенбілік” Бүгін балабақшамызда «Жалпы қалалық сенбілікті» қолдау мақсатында тазалық акциясы өтті. Ұжымдастарға белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз.
“Тілім менің тірегім” Педогогтер мен ата — аналар арасындағы бірлескен іс-шара.
Мақсаты: педогогтердің және ата- аналардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау, бойларына париоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.