Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында
- Қаралды: 38
Бүгін Жамбыл облысының Жуалы ауылында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай, батырдың туған жерінде — аудан прокуратурасы ғимаратының алдында ескерткіш тақтаны ашу мәртебесіне ие болдым.
Сонымен қатар, прокуратура ғимаратында Бауыржан Момышұлының өмір жолын және майдандағы ерліктерін қамтитын естелік бұрышы ашылды. Бұл – жай ғана тағзым емес, бұл – ерлік, ар-намыс пен патриотизмнің символы.