Жаңалықтар

«Толағай» отбасылық спорттық сайыс

Тәрбиелік: Балаға ата-анасымен бірге әрекет ету арқылы бірлік, өзара көмек, достық сезімін қалыптастыру. Толағай ертегісі арқылы батырлыққа, күштілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың ептілігін, жылдамдығын, тепе-теңдікті сақтауын, ұсақ моторикасын дамыту. Ересек пен баланың бірге қимылдау арқылы үйлесімді жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Денсаулықты нығайту: Баланың қимыл белсенділігін арттыру, дене шынықтыруға қызығушылығын ояту. Ата-ананы баланың спорттық дамуына белсенді қатысуға тарту.

Әлеуметтік: Отбасылар арасында достық қарым-қатынас орнату. Баланың көпшілік алдында өзін еркін ұстауына, өз отбасын қолдауына үйрету.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ибраева Айгуль Жәкеновна, Бағдатова Балжан Бағдатқызы