Жаңалықтар

«Музыка әлеміне саяхат»

«Аққу» мектепалды тобы

Мақсаты: Балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыкалық қабілеттерін дамыту, ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру, ән айту және ырғақты қимылдау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: Балаларға музыкалық ноталар туралы түсінік беру, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен таныстыру, Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, әнді дұрыс айтуға үйрету. Музыкалық есту қабілетін, ырғақты сезінуін, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Музыка ырғағына сай қимыл жасауға баулу. Ұлттық өнерді құрметтеуге, бір-біріне көмектесуге, ұйымшылдыққа және музыкаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Музыка жетекшісі: Төреханова Ақтолқын