№49 “Алтынай” балабақшасында топтар арасында жас ерекшелігін ескере отырып, каратэден “BATYR BALA” турнирі өтті.
Жарыста жеңген әр бір бала жүлделі орындармен марапатталды. Балабақшада каратэден жарыс өткізу балалардың физикалық және психологиялық дамуына оң әсерін тигізеді. Мұндай жарыстар балаларға тәртіптілік, жауапкершілік, мақсатқа жетуге деген ынта, сондай-ақ өз-өзіне сенімділік қалыптастыруға көмектеседі.
Жарыс барысында балалар өз күшін сынап, командалық рухты сезініп, бір-бірін қолдауға үйренеді. Жарысқа дайындық кезінде балалар негізгі каратэ техникасын үйренеді, оларды дағдыландырып, өз шеберліктерін арттырады. Сонымен қатар, бұл іс-шараны ұйымдастыруда қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды.