№49 “Алтынай“ балбақшасының ересек топтары арасында, ”Абай аманаты” эксперименттік алаң жұмысының жоспарына сай “Ақырын жүріп анық бас” атты іс-шарасы арқылы мектеппен, отбасымен және басқа да ұйымдармен серіктестік қарым қатынасты нығайту негізінде, Астана қаласының № 4 балалар кітапханасымен бірлескен түрде ауқымды байқау өткізді.
Байқауға “Ақ сұңқар”, ”Бүркіт”, ”Шағала” ересек топтары қазақтың бір туар - ұлы Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқу және қара сөздерін жатқа айту, сонымен қатар мақал-мәтелдерді мнемо кесте арқылы тауып,жұмбақтарды шешіп,жаңылыспай жаңылтпаштар айтып, өз өнерлерін паш етті. Мектепалды топтардың тәрбиеленушілері Абайдың “Көзімнің қарасы” атты әнін шырқады.Байқауда жүлделі орындарға “Ақ сұңқар” тобы 1 орынға, “Шағала” тобы 2 орынға, ”Бүркіт” тобы 3 орынға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!