Жаңалықтар

XVIII қалалық ғылыми – практикалық конференциясының 1(2)секция отырысы өтті

№49 «Алтынай» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы цифрландыру: сын қатерлер мен перспективалар» атты XVIII қалалық ғылыми – практикалық конференциясының 1(2)секция отырысы өтті.

Конференцияның мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда цифрландырудың заманауи тәсілдерін,перспективалары мен тәуекелдерін талқылау,тәрбиелеу-білім беру үрдісінің сапасын арттыру, балаларды дамытуда педогогтар,ата-аналар және басқару құрылымдарының өзара әрекеттесуін оңтайландыру үшін цифрлық технологияларды енгізудің тиімді стратегияларын әзірлеу.

Қалалық ғылыми конференцияда педогогтер цифрландырудың заманауи тәсілдерін көрсетті және бір-бірімен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар конференция көрмесіне «Абай аманаты» эксперементалды алаң бойынша қатысып, өзіміздің тәжірибемізде қолданып жүрген Абай туындыларымен қара сөздерінің QR кодпен бөлістік.