Бүгін 30.01.2025 жыл балабақшада Педагогикалық «SABAQTASTYQ» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК тәрбиешілері және №30 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Әлеуметтік дағдыларды дамыту» тақырыбында шебер сынып ұйымдастарылды.
Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Балалардың түрлі ойын әрекеттерін көріп тәнті болды. Ойната отырып барлық дағдыларын дамытуға болатынын сөз етті. Шығармашылық -коммуникативтік қабілеттерін арттыру үшін сюжеттік-рөлдік ойындардың маңызы зор екенін және әлеуметтік және эмоционалды дағдыларының дамуын талқылады.