Жаңалықтар

Педагогикалық «SABAQTASTYQ» жобасы аясында

Бүгін 23.01.2025 жыл балабақшада Педагогикалық «SABAQTASTYQ» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК тәрбиешілері және №30 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Баланы мектепке бейімдеу» тақырыбында семинар ұйымдастаралды.

Семинарға бастауыш сынып мұғалімдері О.Өміржан, Н.Жакишева, М.Рахметова, Ж.Мекишева, Ж.Ерикбаева және балабақшаның меңгерушісі Ж.Дюсенова, педагог-психолог Т. Туякбаева, тәрбиеші А. Байтханова, әдіскерлер Л. Дуйсекулова, А. Абдукадирова қатысты.

Семинар барысында тәрбиеленушілер мен бастауыш сынып мұғалімдері бір-бірімен танысып, мұғалімдер болашақ оқушыларды мектепке шақырды.

«Баланың жеке даму картасының маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, балалардың жеке даму картасының толтырылуын талқылады.