Жаңалықтар

«Қарты бар үйдің -қазынасы бар»

Балабақшамызда 1 қазан Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарты бар үйдің - қазынасы бар» тақырыбында әжелер арасында байқау өтті.

Мақсаты: балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-әжесін құрметтеу, салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Байқауымыз халық әні «Дедім-ау,ау»әнімен басталып, салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауаптар қойылды. Әжелер түрлі материалдардан ою ойып, жіп иіріп, құрақ құрап қол өнерлерін паш етті. Сайысқа қатысқан әжелер жүлделі орындарға ие болып, балабақша атынан сыйлықтар алды.