2024 жылдың 21 тамыздан 29 тамызға дейін Астана қаласы әкімдігінің № 49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысы бос лауазымына конкурс жариялайды:
№ 49 «Алтынай» балабақшасының МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысы(мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Петров көшесі, 3/1).
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін.
Балабақша қазақ тілінде білім мен тәрбие береді.
Лауазымдық міндеттері:
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;
дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;
денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;
оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.

