Бос жұмыс орындар

Тәрбиеші лауазымына конкурс жариялайды

2025 жылдың 17 ақпаннан 25 ақпанға дейін Астана қаласы әкімдігінің №49«Алтынай» балабақшасы МКҚК тәрбиеші лауазымына конкурс жариялайды:

  1. Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы,Петров көшесі,3/1 үй.
  2. Байланыс телефоны: 8 7172 - 35-73-06
  3. Электронды пошта:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  4. Бос орын: тәрбиеші лауазымы бойынша, оқыту тілі қазақ.
  5. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 91 582 теңгеден 146 531 -ге дейін.
  6. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк педагогикалық, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.

      және (немесе)  жоғары немесе орташа біліктілік деңгейі болса, педагог-модератордың жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, сарапшы-педагогқа – 4 жыл, педагог-зерттеушіге – 5 жыл және (немесе) біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог –шебер жұмыс өтілі 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

       мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балаларды тәрбиелеу мен дамытуды жүзеге асырады;

      балалардың денсаулығы мен өміріне өз жауапкершілігін алады;

      оқу-тәрбие жұмысын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, жоспарлап жүзеге асырады;

      балалардың жеке қабілеттері мен қызығушылығына мән береді, зерделейді;

      педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

      балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

      ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі бойынша кеңес береді.

Білуге тиіс:

      білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін ;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

      педагогикалық этика нормалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;

  1. №49«Алтынай» балабақшасы МКҚК хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың    тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог - модератор, педагог- сарапшы, педагог- зерттеуші, педагог- шебер біліктілік санатының сертификаты (бар болса);           10)11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілетін орны: №49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекен-жайға тапсыру қажет.