Бос жұмыс орындар

Психолог бос лауазымына конкурс жариялайды

2025 жылдың 05 қаңтардан 14 қаңтарға дейін Астана қаласы әкімдігінің № 49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК психолог бос лауазымына конкурс жариялайды:

№ 49 «Алтынай» балабақшасының МКҚК (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Алексей Петров, 3/1). психологлауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 85 000 теңгеден 97 000 теңгеге дейін.

Балабақша қазақ тілінде білім мен тәрбие береді.

Біліктілік талаптары:

  "Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;

      мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;

      қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;

      мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;

      ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;

      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;

      балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

 

      Білуге тиіс:

  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

      белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;

      ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

      белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;

      ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

 

Білу керек:

     № 49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК ХАБАРЛАМА ЖАСАЛҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ішінде бос лауазымға келесі құжаттарды қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың  10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімі;

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен жайы мен байланыс телефондары – бар болса);

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса);

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.

 

Конкурстың өтетін орны: № 49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Алексей Петров3/1 мекен-жайы бойынша тапсыру қажет.

АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР:35 73 06.

Электронды пошта:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.