Бос жұмыс орындар

Тəрбиеші лауазымына конкурс жариялайды

2024 жылдың 30 қазан 7 қарашаға дейін Астана қаласы əкімдігінің №49«Алтынай» балабақшасы МКҚК

тəрбиеші лауазымына конкурс жариялайды:

  1. Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы,Петров көшесі,3/1 үй.
  2. Байланыс телефоны: 8 7172 - 35-73-06
  3. Электронды пошта:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  4. Бос орын: тəрбиеші лауазымы бойынша, оқыту тілі қазақ.
  5. Мектепке дейінгі ұйым тəрбиешісінің лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 91 582 теңгеден 146 531 -ге дейін.
  6. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе техникалық жəне кəсiптiк педагогикалық, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.

жəне (немесе) жоғары немесе орташа біліктілік деңгейі болса, педагог-модератордың жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, сарапшы-педагогқа – 4 жыл, педагог-зерттеушіге – 5 жыл жəне (немесе) біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог –шебер жұмыс өтілі 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес балаларды тəрбиелеу мен дамытуды жүзеге асырады;

балалардың денсаулығы мен өміріне өз жауапкершілігін алады;

оқу-тəрбие жұмысын мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сəйкес, жоспарлап жүзеге асырады;

балалардың жеке қабілеттері мен қызығушылығына мəн береді, зерделейді; педагогикалық кеңестерді дайындауға, əдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады; балалармен жұмыс тəжірибесіне инновациялық педагогикалық тəжірибені енгізеді;

ата-аналар мен тəрбиешілерге балалардың музыкалық тəрбиесі бойынша кеңес береді.

Білуге тиіс:

білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мəртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын жəне басқа да нормативтік құқықтық актілерін ;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; педагогикалық этика нормалары;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тəртібі, қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер жəне оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;

  1. №49«Алтынай» балабақшасы МКҚК хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

2) жеке басты куəландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сəйкестендіру үшін);

  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сəйкес белгіленеді. Конкурстың өткізілетін орны: №49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекен-жайға тапсыру қажет.