Бос жұмыс орындар

Дене шынықтыру нұсқаушысы бос лауазымына конкурс жариялайды

2024 жылдың 02 қыркүйегінен 10 қыркүйекке  дейін Астана қаласы әкімдігінің   № 49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысының бос лауазымына конкурс жариялайды:

№ 49 «Алтынай» балабақшасының МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысы(мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Петров көшесі, 3/1).

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін.

Балабақша қазақ тілінде білім мен тәрбие береді.

Лауазымдық міндеттері:

      балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;

      дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;

      денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;

      ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;

      ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;

      арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;

      оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.

 

Білу керек:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде);

      педагогикалық этиканың нормалары;

      санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері;

      еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.

 

       Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының негізінде өткізіледі.

     № 49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК ХАБАРЛАМА ЖАСАЛҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ішінде бос лауазымға келесі құжаттарды қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың  10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімі;

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен жайы мен байланыс телефондары – бар болса);

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

       9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса);

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.

 

Конкурстың өтетін орны: № 49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Петров көшесі 3/1 мекен-жайы бойынша тапсыру қажет.

АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР: 35-73-06, 34-41-70, 35-89-32

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.